Сапар барысында қайырымдылық бастамаларымен танымал актриса медицина қызметкерлерімен, отбасылармен және еріктілермен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz Legacy of War Foundation сайтына сілтеме жасап.
«Ол қаладағы кейбір аудандарда жолдардың үстінен дрон шабуылдарынан аз да болса қорғану үшін торлар орнатылғанын көрді», – делінген баспасөз хабарламасында.
«Николаев пен Херсон тұрғындары күн сайын қауіп-қатер жағдайында өмір сүріп жатыр, бірақ мойымайды. Әлем елдерінің үкіметтері бейбіт тұрғындарды қорғаудан бас тартып жатқан тұста, олардың төзімділігі мен өзара қолдауы құрметке лайық. Үш жылға жуық соғыстан кейін шаршау байқалғанымен, олардың жігері мен үміті де айқын. Адамдар қауіпсіздік, бейбітшілік және жаңа өмір бастау мүмкіндігін қалайды», – деп келтіріледі қор Анджелина Джолидің сөзін.
Херсон қаласы күн сайын дрон шабуылдары мен әуе соққыларына ұшырайды, ал қаланы Днепрдің оккупацияланған сол жағалауында орналасқан ресейлік артиллерия тұрақты түрде атқылап отырады.