malim.kz сайтына kompra.kz сервисі қарапайым, бірақ әрқашан ұытымды алтын ережелерді ұсынып отыр.
Соңғы жылдары Қазақстанда жылжымайтын мүлікке, «мемлекеттік бағдарламаларға» және риелторлардың тым «тиімді» ұсыныстарына қатысты алаяқтық схемалардың көбейгені байқалуда. Алаяқтар қандай айла-тәсілдерді қолданады және өзіңізді қалай қорғауға болады? Бұл туралы осы мақалада баяндаймыз.
Еліміздегі атышулы оқиғалар
Ақтауда — алаяқтар тобы өздерін - тәркіленген көліктер мен жылжымайтын мүлік сату бойынша делдал ретінде таныстырған. Келтірілген шығын шамамен 1 млрд теңгені құрады.
Астана — алаяқтар бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарлама атын жамылып, «қатысу үшін» деген желеумен ақша жинаған. Шығын 1 млрд теңгеден асты.
Алматы — бір топ адам өздерін мүліктің нағыз иелерінің туыстарымыз деп таныстырып, үйлерді сатқан. Шығын 2 млрд теңгеден асады.
Жалған мәміле: қалай анықтауға болады?
Құжаттар. Жылжымайтын мүлікті сатып алу/сату кезінде барлық қажетті құжаттарды сұрату және тексеру маңызды. Оның ішінде - құрылысқа рұқсат, қабылдау акті және басқа да растаушы қағаздар болуы шарт. Ал олардың ішінде - нотариалды куәландырылған сенімхатты мұқият тексеру қажет.
Нысанның заңдылығы. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелердің заңдылығын тексеріп алатын заңгерге жүгініңіз.
Жылжымайтын мүлікті көзбен көру. Нысанның нақты жай-күйіне жеке көз жеткізу маңызды. Егер күмән туса, сарапшы тартуға болады.
Компанияны немесе риелторды тексеру. Шартқа қол қоймас бұрын ашық дереккөздер немесе арнайы сервистер арқылы тексеріңіз:
- компанияның/ЖК-нің салық бойынша қарыздары бар ма?
- сот істері бар ма және шоттары бұғатталмаған ба?
- БСН (БИН), мекенжай және басшы туралы деректер шартта көрсетілгендермен сәйкес келе ме?
Мұндай мәліметтерді мысалы, kompra.kz сайтынан қарауға болады.
Пікірлерге мониторинг. Әлеуметтік желілердегі пікірлер мен ескертулерді зерттеңіз — әсіресе Instagram мен Telegram-дағы тақырыптық топтарда адамдар тәжірибелерімен бөлісіп, алаяқтар мен олардың әдістерін әшкерелеп отырады.
Алаяқтар өздерін қалай ұстайды?
- Шешім қабылдауға асықтырады: «ұсыныс тек қазәір өзекті!».
- Ашықтықтан қашады – құжаттардың көшірмелерін бермейді, кездесулерден жалтарады.
- Шарттардағы тұжырымдар екіұшты жазылады және нақты мерзімдер көрсетілмейді.
- ЖК немесе ЖШС-сіз жұмыс істейді, «чексіз қолма-қол ақшамен» төлеуді ұсынады.
- Заңды болып көріну үшін жиі бүркеншік аттар мен жалған мөрлер қолданады.
Қорытынды
Жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтықпен күрес билік тарапынан да, сатып алушылар тарапынан да белсенді әрекеттерді талап етеді. Мұқият болу, мәміленің барлық кезеңдерін тексеру және «тиімді» ұсыныстар айтып қызықтыратын алаяқтардың жетегінде кетпеу маңызды.
Есіңізде болсын: кез келген мәміле ашық, құжат жүзінде расталған және заңды түрде қорғалған болуы тиіс.