Malim.kz
Қоғам

Алакөл жағалауында төтенше жағдай жарияланды

Арман Қайыпхан

Абай облысының Мақаншы ауданындағы Қабанбай ауылдық округінде орналасқан Алакөл демалыс аймағында жағалауды су шайып кету қаупі туындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл аумақтағы демалыс үйлері мен шаруашылық нысандарына залал келтіру ықтималдығына байланысты жергілікті акимат табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

Шешім 10 қыркүйектен бастап күшіне енді және нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланды.

Фото: gov.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары