Қайғылы оқиға 17 шілде күні Алакөл көлінің акваториясында болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, гидроциклдердің соқтығысуы кешкі сағат 21:00 шамасында, су бетінде көріну деңгейі төмендеген уақытта болған.
Оқиғаға байланысты Алакөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.