Malim.kz
Қоғам

Алдағы күндері 28 градус аяз болады

Айбын Атабай

Ауқымды циклон Қазақстан Республикасының аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды.

Осыған байланысты қар жауып, бұрқасын болады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады, таулы аймақтарда бұрқасын болады.

Республика бойынша екпінді жел соғады жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман болжанады.

Температуралық фон да өзгереді: батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10–18 аяздан 3–13 аязға дейін ауытқиды, күндіз 0–15 аяздан 3 аяз – 5 жылуға дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта температура 7–15 аяздан 12–28 аязға дейін төмендейді, күндіз 5–15 аяздан 8–18 аязға дейін болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3–11 аяздан 5–20 аязға дейін төмендеп, күндіз 5 аяз – 2 жылудан 1–13 аязға дейін өзгеруі күтіледі

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары