Malim.kz
Қоғам

Алдағы күндері аптап ыстық пен құбылмалы ауа райы күтіледі

• Сабина Асқарқызы
yandex.kz

Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы сипатта болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Сонымен қатар түнгі және таңғы мезгілде тұман күтіледі.

Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық өңірлерде барлық кезең бойы сақталса, оңтүстікте 28-29 сәуірде, ал шығыста 29-30 сәуірде күн ашық болады.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында шаңды дауыл болуы ықтимал.

Синоптиктер сондай-ақ кей өңірлерде үсік жүру қаупі бар екенін ескертеді. Атап айтқанда, батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс облыстарда, сондай-ақ 28-29 сәуірде орталық өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Соған қарамастан, күндізгі уақытта ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Елдің оңтүстігінде +34 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр.

Өңірлер бойынша күндізгі температура:

Синоптиктер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарға сақ болуды ескертеді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары