Malim.kz
Қоғам

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қалай болады?

Айбын Атабай
Алматы қаласы әкімдігі

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 17, 18 және 19 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

17 сәуірде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде -6...-8 градус, күндіз +8...+10 градус.

18 сәуірде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз +12...+14 градус. 

19 сәуірде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -1...+1 градус, күндіз +16...+18 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

17 сәуірде күн бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақыттарда нөсерлетуі мүмкін, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +10...+12 градус.

18 сәуірдекүн құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, түнде екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус, күндіз +11...+13 градус.

19 сәуірде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +14...+16 градус.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары