Синоптиктер 18–20 наурыз аралығында Астана мен Алматы қалаларында күтілетін ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана:
18 наурызда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Жел батыс және солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-9°, күндіз +3…+5°.
19 наурызда да жауын-шашын күтілмейді, күн құбылмалы бұлтты. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Түнде -5…-7°, күндіз +3…+5°.
20 наурызда ауа райы тұрақты: жауын-шашынсыз, аздаған бұлттылық сақталады. Жел оңтүстік-батыстан 0–5 м/с. Температура түнде -2…-4°, күндіз +5…+7°.
Алматы:
18 наурызда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°, күндіз +11…+13°.
19 наурызда да жауын-шашын болмайды, тұман сақталуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде +2…+4°, күндіз +13…+15°.
20 наурызда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°, күндіз +14…+16° болады.