Malim.kz
Экология

Алдағы үш күнде Қазақстанда күн күрт салқындайды

Арман Қайыпхан

Қазақстанның көп аймағында қыркүйектің алғашқы күндерінде ауа райы күрт өзгеріп, суық ауа массалары енеді, деп хабарлайды Malim.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, ел аумағына Новой Земля аймағынан келген суық антициклон әсер етуде.

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2…+8°С дейін төмендейді.

Кей жерлерде топырақ бетінде -2°С дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі температура оңтүстікте де төмендеп, +20…+28°С шамасында болады.

Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда Ираннан келген жылы ауа массалары әсерінен +32…+40°С ыстық сақталады.

«Антициклон Қазақстан аумағына салқын ауа әкеледі. Бірқатар облыстарда ауа райының тұрақсыз сипаты байқалып, түнде үсік жүру қаупі бар», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Мына аймақтарда күн күрт салқындайды:

Бұл күндері ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін алғашқы үсік күтіліп отыр.

Фото: © istockphoto.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары