Malim.kz
Қоғам

Алдағы үш тәулік жауын-шашынды болады

Айбын Атабай
iStockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.

«Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап жаңбыр жауады, кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі. Жекелеген өңірлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі мүмкін. Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +7…+18°С дейін төмендейді, солтүстік-батыста +10…+20°С болады», – делінген ауа райы болжамында.

Республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтерілуі мүмкін:

солтүстікте +18…+27°С дейін;

орталықта +22…+30°С дейін;

шығыста +20…+28°С дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С;

оңтүстікте +27…+32°С дейін, таулы аймақтарда +22°С шамасында;

оңтүстік-шығыста +20…+30°С дейін, таулы аймақтарда +10…+15°С.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары