Malim.kz
Қоғам

Александр Пак 10 жылға сотталды: Ең төменгі қауіпсіздік колониясындағы тәртіп қандай?

Айбын Атабай
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Zeekr жүргізушісі Александр Пак Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді, деп хабарлайды Malim.kz. Tengrinews.kz.сайтына сілтеме жасап.  

Бұл қандай мекеме?

Заңгер Абзал Қасымжановтың айтуынша, бұл – Қазақстандағы түзеу мекемелерінің ең жеңіл режимі. Мұнда қарулы күзет жоқ, сотталғандар әкімшілік бақылауында болады. Олар азаматтық киім киіп, ақша пайдалана алады, жұмыс істеп, білім ала алады және жақындарымен кездесуге мүмкіндік беріледі.

Мұндай мекемелерге әдетте абайсызда қылмыс жасағандар немесе тәртібі жақсы сотталғандар жіберіледі. Сонымен қатар олар жоғары оқу орындарында сырттай не қашықтан білім ала алады.

Еске салайық, қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болған. Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысып, үш адам қаза тапқан. Тергеу мәліметінше, Zeekr жүргізушісі Александр Пак апат кезінде мас күйде болған. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ, тараптар апелляциялық шағым түсіре алады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары