Malim.kz
Әлем

Әлем: бұл күн тарихта несімен ерекше?

Айгүл Таңатар
Ашық дереккөзден

622 жылы бұл күні Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға қоныс аударуы Хижра басталған. Ислам күнтізбесінің бастауы осы оқиғамен байланысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сондай-ақ әлем тарихынан 16 шілде күні орын алған кей оқиғаларға тоқталсақ:
- 1054 жылы Ұлы шіркеу бөлінісі (Ұлы схизма) басталып, христиан әлемі католик және православие шіркеулеріне бөлінді.
- 1439 жылы Англияда әйгілі Итон колледжі құрылды.
- 1661 жылы Швеция Еуропада алғашқылардың бірі болып қағаз ақшаны айналымға енгізді.
- 1790 жылы АҚШ Конгресі тұрақты астана ретінде Вашингтон қаласын құру туралы шешім қабылдады.
- 1945 жылы АҚШ-та Нью-Мексико штатындағы Trinity полигонында тарихтағы алғашқы атом бомбасы сынақтан өткізілді.
- 1969 жылы «Аполлон-11» ғарыш кемесі Айға аттанды.
- 1990 жылы Украинаның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары