Malim.kz
Спорт

Әлем кубогы: Көркем жүзуден Қазақстан спортшылары 3 жүлде иеленді

Сабина Асқарқызы
Спортты дамыту дирекциясы

Сиань қаласында көркем жүзуден (синхронды) әлем кубогының үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды Malim.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, байрақты бәсекеге 21 елден 150 спортшы қатысуда. Ұлттық құрама сапында 20 атлет өнер көрсетуде. 

Жарыстың екінші күні отандастарымыз тағы үш жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада (соло) қола медаль иеленді. Сонымен қатар, дәл осы сында бақ сынаған Эдуард Ким бесінші орынға тұрақтады, деп жазылған дирекция хабарламасында. 

Сондай-ақ аралас техникалық дуэт сайысында Ясмин Исламова мен Алдияр Рамазанов күміс медаль еншілесе, Артур Майданов пен Айғаным Саим жұбы қолаға қол жеткізді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары