Malim.kz
Әлем

Әлемге танымал актер Чак Норрис 86 жасында қайтыс болды

Арман Қайыпхан
Фото: instagram.com/chucknorris

АҚШ-тың әйгілі актері және жекпе-жек шебері Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті. Бұл туралы актердің отбасы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жақындарының мәліметінше, соңғы күндері оның ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат тараған. Отбасы осы қиын сәтте жанкүйерлердің қолдауы мен тілектері үшін алғыс білдіріп, жеке өмірге құрметпен қарауды сұрады.

«Біз бұл ауыр қазаны бастан кешіп отырмыз, сондықтан отбасымыздың жеке өміріне құрметпен қарауды сұраймыз. Қолдауларыңыз үшін рахмет», – делінген хабарламада.

Чак Норрис 1940 жылы 10 наурызда дүниеге келген. Ол мансабын каратэ нұсқаушысы ретінде бастап, кейін жекпе-жек өнерінде көптеген жетістіктерге жетіп, өз мектептерін ашқан.

1970 жылдары киноиндустрияға келген актер бірқатар танымал боевиктер арқылы кеңінен танылды. Әсіресе «Крутой Уокер» сериалы оның әлемдік деңгейдегі танымалдылығын арттырды.

Уақыт өте келе Чак Норрис интернет мәдениетінің феноменіне айналып, «Чак Норрис фактілері» арқылы поп-мәдениетте ерекше символ ретінде қалыптасты.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары