Malim.kz
Қоғам

Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін көпшілік алдына шықты

Сабина Асқарқызы
ашық дереккөзден

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін көпшілік алдына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол келіні Аида Әлиевамен бірге арнайы кездесуге қатысты. Іс-шарадан түсірілген фотосуреттерді Нұрәлі Әлиевтің жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, кеш мазмұнды әрі әсерлі өткен.

Әйелдің өмір жолына арналған тамаша кездесу болды, – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева 2026 жылғы 15 наурызда Алматы қаласындағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өткен шарада Қайрат Боранбаевпен бірге көрінген болатын.

Аида Әлиева – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлі Әлиевтің жары. Ал Әлия Назарбаева төрт баланың анасы.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары