Malim.kz
Қоғам

"Аллаға мың шүкірлер": Әнші Мақпал Жүнісова асыға күткен қуанышты хабарын елге жеткізді (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова жанкүйерлерімен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің жазуынша, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Алматыдағы Республика сарайы сахнасында өтетін екі бірдей жеке концертіне билеттер толықтай сатылып кеткен. Әнші бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, тыңдармандарына алғыс айтты.

"Аллаға мың шүкірлер, 8 наурыздағы екі концертке де билеттер өтіп кетіпті. Жанкүйерлеріме көп рақмет. Амандықта кездесейік, құрметті ағайын!" – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да бұл жаңалықты жылы қабылдап, концертті асыға күтетіндерін білдіріп жатыр.

Мақпал Жүнісова туралы

Мақпал Мұхамедиярқызы – қазақ эстрадасының көрнекті өкілі. 1963 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында дүниеге келген. 1981 жылдан бастап "Қазақконцерт" бірлестігінің солисі ретінде шығармашылық жолын жалғастырып келеді. Көптеген халықаралық байқаулардың гран-при иегері атанған ол 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ал 31 жасында Қазақстанның Халық әртісі атағын алған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған өнер иесі – профессор, мемлекеттік және халықаралық марапаттардың иегері. Қазақ эстрадасында лирикалық сопрано даусымен танылып, халық әндері, романс, джаз бағытында өнер көрсетіп келеді.

Бүгінде "Қазақ эстрадасының примадоннасы", "Орта Азия бұлбұлы" атанып кеткен әншінің концерттеріне деген сұраныстың жоғары болуы – оның ел алдындағы беделі мен көпжылдық еңбегінің айғағы.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары