Malim.kz
Қоғам

Алма-Арасан шатқалынан 15 жастағы бала құлап кетті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Алматы қаласының таулы аймағында 15 жастағы жасөспірім жартастан құлап, құтқарушылардың көмегімен эвакуацияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Бостандық ауданындағы Алма-Арасан шатқалында, «Терра» алаңы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім төменге құлап, аяғын жарақаттаған.

Куәгерлер дереу құтқару қызметіне хабар берген. Оқиға орнына жеткен мамандар зардап шеккен жасөспірімді тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге алып шықты.

Кейін ол Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары