Malim.kz
Әлем

Алматы әлемдегі ең ауасы лас қалалардың қатарында тұр

Айбын Атабай
Freepik.сom

Швейцариялық IQAir компаниясы әлемдегі ауасы ең ластанған қалалардың тізімін жариялады. Оған сәйкес, Қазақстанның ең ірі қалаларының ішінде Алматы 55-орында тұр. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Компания 143 елдің 9 446 қаласын зерттеп, World Air Quality Report 2025 есебінжариялады. Әлемдегі қалалардың тек 14%-ында ғана таза ауа бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз.

Сарапшылардың айтуынша, ауа сапасының нашарлауы негізінен адамзат әрекетімен байланысты климат өзгерістерінен туындап отыр. 2025 жылы орман өрттері, шаңды дауылдар және басқа да экстремалды ауа райы құбылыстары ауа сапасына қатты әсер еткен.

Еуропада тек үш ел – Андорра, Эстония және Исландия – ДДҰ-ның PM2,5 көрсеткіштері бойынша қауіпсіз деңгейге жеткен. Әлемде барлығы 13 ел мен территория ғана қауіпсіз деңгейде қалып отыр. Оның ішінде Австралия, Барбадос, Бермуд аралдары, Француз Полинезиясы, Гренада, Жаңа Каледония, Панама, Пуэрто-Рико, Реюньон және АҚШ-тың Виргин аралдары бар.

Яғни, 143 зерттелген елдің 130-ы, яғни 91%-ы қауіпсіз нормаларға сәйкес келмейді.

Ауасы ең ластанған бес ел:

Пәкістан – 67,3 мкг/м³

Бангладеш – 66,1 мкг/м³

Тәжікстан – 57,3 мкг/м³

Чад – 53,6 мкг/м³

Конго Демократиялық Республикасы – 50,2 мкг/м³

Ал әлемдегі 25 ең лас қала Үндістан, Пәкістан және Қытайда орналасқан. Оның ішінде Үндістанда ең ластанған төрт қаланың үшеуі бар.

Зерттеу ішінде Қазақстанның Алматы қаласы да бар. Ол 55 орында тұр. 

IQAir сонымен қатар нақты уақыттағы ауа сапасы рейтингін жариялайды. Жақында Париж, Пекин, Дакка, Ухань және Сеул ең лас қалалардың қатарында болған, Лондон да алғашқы ондыққа кірген.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары