Malim.kz
Экология

Алматы әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр

• Malim Админ

Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс ұшу уақытынан кешігеді.


Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.

— 2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, - деп хабарлады әуежайдан.

Фото: caravan.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары