Malim.kz
Қоғам

Алматы әуежайында ішкі рейстер кешікті

Malim Админ

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, бүгін ішкі рейстерге арналған келу аймағында кіруді бақылау жүйесі қысқа мерзімге істен шығып, жолаушылар өзара араласып кеткен.

Қауіпсіздік бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жолаушыларды қайта тексеру жүргізілді. Барлық шара жедел әрі ұйымдасқан түрде орындалып, рейстер кестесіне елеулі әсер еткен жоқ. Орташа кешігу уақыты 25 минуттан аспады, — деп хабарлады әуежайдан.

Әуежай қазіргі уақытта қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Фото: ala.avia


 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары