Malim.kz
Қоғам

Алматы – Бішкек тасжолынан табылған 7-8 айлық қыздың туыстары іздестірілуде

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Алматы – Бішкек автожолының бойынан табылған 7-8 айлық қыз баланың туыстары іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Lider.kz еріктілерінің мәліметінше, сәби 24 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданында жол жиегінен табылған. Оны байқап қалған жол жүргіншілері бірден полицияға хабар берген.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала шамамен 7-8 айлық. Табылған кезде оның үстінде ақ-қызғылт түсті комбинезон, ал басында қызғылт телпек болған.
Еріктілер қыздың анасын немесе жақын туыстарын танитын азаматтарды полицияға немесе Lider.kz ұйымына хабарласуға шақырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары