Malim.kz
Экология

Алматы – мегаполистегі экотуризмнің жаңа форматы

Ереке Базарқұл
© gov.kz

“Алматы туризмі” десе - оны бірден Көлсей көлдеріне, Шарын шатқалына тартып кететін бекет ретінде қабылдайтынымыз рас. Дәл сол уақытта, қаланың өзі де экотуризм ошағына айналып келе жатқаны байқала бермейді.

Алматы қазір - урбанистік даму мен табиғи ландшафттың үйлесімін тапқан ерекше қала ретінде танылып келеді. Әлемдегі мегаполистер көбіне - табиғи кеңістігі шектеулі бетон қала болуы мүмкін. Алматы болса, бұл стандартты бұзды деуге болады. Қала көшелерінің өзінде табиғатқа жақындық сезіледі, ал бірқатар аудандарда - Алатаудың баурайы күнделікті көрнекі көрініске айналған.

Соңғы жылдары қала әкімдігі «жасыл инфрақұрылым» бағытын басты стратегиялық міндет ретінде атап, тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасын арттыруға бағытталған экологиялық жобаларды белсенді жүзеге асыруда.

Қалалық әкімдіктің дерегінше, қазір Алматы аумағында 542 парк, сквер және жасыл аймақ бар. Бұл – ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Барлық жасыл кеңістіктің жалпы аумағы 977 гектарды құрайды. Қалада төрт миллионға жуық ағаш пен бұта өседі және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

“Жасыл саясат” – қаланың даму стратегиясының басты тармағы

Алматы әкімдігі 2030 жылға дейінгі урбанистік даму стратегиясында қаладағы рекреациялық кеңістікті кеңейту, жаңа аймақтарды көгалдандыру, барына күтім жасау, сондай-ақ, шеткері аудандарға жасыл инфрақұрылымды тарату жөнінде нақты міндеттер қойған.

Олардың ішіне:

сияқты жұмыстар кіреді.

Бұл шаралар - қаланы «тыныс алатын» мегаполиске айналдыру мақсатына бағытталған кешенді жоспар.

 

Алматы тұрғындары табиғат аясында тұрады

Көптеген әлемдік қалаларда қала тұрғындары табиғатқа шығу үшін ұзақ жол жүруге мәжбүр. Ал Алматыда табиғат қарға адым жерде, кейде - тура есік алдында тұр деуге болады.

28 гвардияшы-панфиловшылар паркі

Қаланың символы саналатын бұл парк тарихи ғимараттар мен жасыл аллеялары арқылы ерекше атмосфера жасайды. Бір жағынан серуен, екінші жағынан - табиғатпен байланыс.

Горький атындағы орталық парк

Алматылықтар үшін отбасылық демалысқа ең ыңғайлы орындардың бірі. Қаланың ортасында орналасса да, тыныштық пен табиғи алаңдар жеткілікті.

Тұңғыш Президент саябағы

Қаланың экологиялық тепе-теңдігі үшін маңызды. Кең аумақты газондар, көгалдандырылған алаңдар, табиғи ландшафт – қала ортасынан ұзамай-ақ табиғатты сезінуге мүмкіндік береді.

Скверлер – қаланың тынысы

Соңғы жылдары қаланың әр ауданында ондаған жаңа скверлер, бульварлар және жаяу аймақтар салынды. Бұл қала тұрғындарының қалыпты жүріс-тұрыс мәдениетін өзгертуге әсер етті.

Қазір алматылықтар:

Бұл қала мәдениетіндегі ерекше экологиялық жүйе болып қалыптасты.

Мегаполиске экотуризм қажет пе?

Қала ішіндегі табиғат элементтері бұрын тек эстетикалық және дизайндық мазмұнда болып келген. Бірақ жасыл аймақтардың:

қазір ғылыми негізделген шындыққа айналып отыр.

Ғалымдардың мәліметінше, жасыл кеңістік көп болған мегаполистерде:

екен.
Алматының жасыл инфрақұрылымы осы бағыттағы жақсы үлгі болып отыр.

Алматыда қалалық экотуризм қалай дамуда

Соңғы жылдары:

Қалада пикник аймақтары, өзен бойындағы серуен жолдары, ерекше табиғи көріністер пайда болды. Бұл – туризмнің жаңа форматы.


Мегаполистен шықпай-ақ саяхаттау

Алматыда табиғат аясына бару үшін қаладан ұзау қазір міндетті емес.

Экологиялық серуенге мұқтаждықты қазір мынадай формаларда өтеуге болады:

Осының бәрі мегаполистің ішінде жүзеге асады.

Алматы – Орталық Азиядағы ең жасыл мегаполистердің бірі ғана емес, қаланың ішінде экотуризмді дамытуға мүмкіндік беретін ерекше орта.
Табиғатпен байланыс, серуен мәдениеті, жасыл инфрақұрылымның дамуы – бұлар Алматыны жай тас қалаға емес, нағыз «жасыл мегаполиске» айналдырып отыр.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары