Malim.kz
Қоғам

Алматы облысында 4 тонна жүгері өртенді

Мәди Саматұлы

Өрт Қарасай ауданында жеке тұрғын үй аумағында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ хабарлауынша, тілсіз жау 120 шаршы метр алаңды шарпып, шатыр, шөп және 4 тонна жүгеріні жалмап кеткен.

ТЖМ күштері өртті қоңырау түскен сәттен бастап 55 минут ішінде жойған. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: ТЖМ

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары