Malim.kz
Қоғам

Алматы облысында алапат өрт: ТЖМ тікұшақтары мен жүзден аса адам жұмылдырылды

• Арман Қайыпхан

Алматы облысының Қарасай ауданында, таулы жерлерде, Долан ауылының маңында құрғақ шөптер мен бұталар өртенген, деп хабарлайды Malim.kz.

Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қаласы ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 100-ден астам адамы және 20-дан астам техникасы тартылды.

ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы қазір су төгетін құрылғыдан су ағызып жатыр.

Сөндіру таулы аймақпен, кіреберіс жолдардың жоқтығымен, биік шөп және бұталардың болуымен қиындатылуда.

Фото: ТЖМ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары