Malim.kz
Қоғам

Алматы облысында екі АЭС салынуы мүмкін 

Арман Қайыпхан

Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиевтің айтуынша, екінші атом электр станциясын салуға Жамбыл ауданы таңдалған, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, еліміздің оңтүстігінде электр тапшылығы бар, сондықтан жаңа нысандар өңірді сенімді энергиямен қамтуға мүмкіндік береді.

Құрылыс мердігері әлі анықталған жоқ. Дегенмен қытайлық CNNC компаниясы басым үміткер ретінде қарастырылып отыр.

Бұл ретте техникалық шешімдермен қатар, қазақстандықтардың пікірі де ескерілмек.

Нәтижесінде облыста екі АЭС салу жоспарда бар: бірі – Үлкен ауылында, екіншісі – Балқаш жағалауында орналасады.

Фото: pixabay

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары