Malim.kz
Қоғам

Алматы облысында пәтерден өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Алматы облысының 112 жедел қызметіне Іргелі ауылындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 9-қабатында орналасқан екі көршілес екі бөлмелі пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 25 тұрғынды эвакуациялады. Олардың ішінде 7 бала бар. Сонымен қатар тағы 20 адам өз бетінше қауіпсіз жерге шыққан, оның 5-еуі – балалар.

Өрт сөндіру бөлімшелері жоғарылатылған шақыру деңгейі бойынша жұмыс істеді. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында тілсіз жаудың өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары