Malim.kz
Қоғам

Алматы облысында шекарашы қайтыс болды

Арман Қайыпхан

2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгер қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі –менингококцемия.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары