Malim.kz
Қоғам

Алматы облысында сел қаупі байқалды

Мәди Саматұлы

Алматы облысының аумағында Түрген өзенінің бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалады, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, қауіп-қатер аймағында Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елдімекендері бар. Бұл ауылдарда 30 мыңнан астам адам тұрады.

Осыған байланысты мұздықтың және Түрген өзені бассейіні көлінің сел және гидрометеорологиялық жағдайына мониторинг ұйымдастырылған.

Фото: diapazon.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары