Malim.kz
Оқиға

Алматы облысында таудағы өрт толық сөндірілді

Арман Қайыпхан

Алматы облысындағы таудағы өрт толық сөндірілді, ал Алматыдағы Кеңсай-1 тау баурайындағы өрт ошағы оқшауланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысында Қырғауылды маңындағы таулы аумақта шыққан, 8 гектар жерді шарпыған өрт толық сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстары таулы бедер мен жолдың болмауына байланысты қолмен жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Медеу ауданындағы Кеңсай-1 тау баурайындағы екінші өрт ошағы да оқшауланды. Мұнда шамамен 15 гектар аумақта құрғақ шөп жанған. Жеке тұрғын үй секторына төнген қауіп сейілді.

Өртті сөндіруге 170-тен астам құтқарушы мен 100-ге жуық техника жұмылдырылды.

Фото: ТЖМ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары