Malim.kz
Қоғам

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

Сабина Асқарқызы

Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы 2025 жылдың 8 мамырында облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ер адамның денесі 7 мамыр күні Қайрат — Байсерке теміржол өткелінде табылған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай 49 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Фото: ҚТЖ

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары