Malim.kz
Қоғам

Алматы қаласында «Талдау мектебі. Алматы» жобасына өтінім қабылдау ашылды!

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Сен Орталық Азиядағы ең ірі мегаполистің дамуына әсер ете алатын сарапшы болуға дайынсың ба? Қаланың дамуына арналған практикалық шешімдер әзірлеу, стратегиялық ойлау және аналитикалық дағдыларды дамытуға бағытталған бірегей білім беру жобасына қатысуға шақырамыз.

«Талдау мектебі. Алматы» жобасының мақсаты – қалалық ортаның сапасын арттырудан бастап, болашақ экономикасын дамыту, мәдени стратегия мен халықаралық бренд қалыптастыруға дейінгі бағыттарда тұрақты дамуға арналған шешімдер әзірлей алатын кәсіби аналитиктер қауымдастығын қалыптастыру.

Жоба Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы тарапынан ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылады және мемлекеттік басқаруда аналитикалық мәдениетті және data-driven тәсілдерді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

2026 жылдың тақырыбы: «Data-Driven City: мегаполистің тұрақты дамуы»

Оқу мерзімі: 2026 жылғы 16 мамыр – 20 маусым (6 апта)

Форматы: Офлайн

Спикерлер: Мемлекеттік қайраткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері және Қазақстанның жетекші сарапшылары

Мақсатты аудитория: Жоғары білімі бар, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар және аналитика, стратегиялық ойлау, data-driven тәсілдер саласында дамуға қызығушылық танытатын 40 жасқа дейінгі жас мамандар

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Қатысушыларды не күтеді?

Қатысушылар саны: Барлығы 60 қатысушы іріктеледі

Іріктеу кезеңдері:

Қатысу үшін не қажет: www.jastaralmaty.kz сайтында өтінім толтыру

Келесі құжаттарды тіркеу:

«Талдау мектебі. Алматы» жобасы – бұл қаланың болашағын қалыптастыратын кәсіби қауымдастықтың бір бөлігіне айналу және Алматының дамуына нақты үлес қосу мүмкіндігі. Қосымша ақпарат алу үшін: +7 707 514 9193

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары