Malim.kz
Оқиға

Алматы тауларынан табылған ер адамның аяғын жарақаттағаны белгілі болды

Сабина Асқарқызы
pixabay.com

Алматыда тауға шыққан ер адамды құтқарушылар аман тауып, дәрігерлерге табыстады, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, жоғалған азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болған. Ол аяғын жарақаттап алып, өздігінен төмен түсе алмаған көрінеді

2 мамыр күні Бостандық ауданында, Алма-Арасан визит орталығы маңында, теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте 1993 жылы туған ер адамның аяғын қайырып алып, өз бетімен қозғала алмай қалғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі мен «БАУ» жедел-құтқару жасағының мамандары дереу аттанды. Құтқарушылар зардап шеккен азаматты тауып, оған қажетті алғашқы көмекті көрсетті. Кейін ол жедел жәрдем көлігіне жеткізілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Зардап шеккен ер адам одан әрі медициналық тексеруден өткізу үшін дәрігерлерге тапсырылған. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары