Malim.kz
MALIMet

Алматы тауларында адасқан екі жас құтқарылды

Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: видеодан скриншот/Жи арқылы өңделген

Алматы тауларында бағытынан адасып кеткен екі жас жігітке құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды ТЖМ, деп хабарлайды Malim.kz.

2007 және 2009 жылы туған екі жігіт түнгі уақытта тауда жүріп, бағытынан жаңылған. Құтқарушылар олармен байланыс орнатып, орналасқан жерін анықтаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде таңғы сағат 05:00-де екі жас таудан қауіпсіз түсіріліп, «Эдельвейс» туристік базасының шлагбаумына дейін жеткізілді. Ол жерде оларды ата-аналары күтіп алған.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.

Айта кетейік, ТЖМ таратқан ақпараттың қазақша және орысша нұсқаларында оқиға орны әртүрлі көрсетілген: бірінде Үлкен Алматы көлі маңы және шамамен 2500 метр биіктік делінсе, екіншісінде Сәтбаев шыңы маңы және 4517 метр биіктік деп жазылған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары