Malim.kz
Қоғам

Алматы тауларында екі турист адасып кетті

Malim Админ

Алматы тауларында екі турист адасып кетті

Алматыда тауға серуенге шыққан 19 жастағы екі жігіт адасып қалған. Олар өздерінің қай жерде екенін видеоға түсіріп, құтқарушыларға хабарласқан. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, Медеу ауданы, Үлкен Алматы шатқалында іздестіру-құтқару жұмыстары басталған. Оған 4 құтқарушы мен бір кинологиялық топ жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі қала тұрғындары мен қонақтарды тауға серуенге шығу қауіпті екенін ескертеді. Оқыс жағдай туындағанда, 112 номеріне қоңырау шалу қажеттігін айтады.

Фото: morena.kz 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары