Malim.kz
Қоғам

Алматы тауларында ер адам қар көшкіні астында қалған

Арман Қайыпхан
Фото: monkboughtlunch.com

Алматы қаласының таулы аймағында қар көшкіні астында қалған ер адамды құтқарушылар аман алып шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 112 пультіне Алматыдағы Сухой Лог аумағында, ашық аспалы арқанжолдың астында 1998 жылы туған ер адамды қар көшкіні басып қалғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД №23 әмбебап құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен «Шымбұлақ» курортының құтқарушылары жедел жіберілді.

Құтқарушылар зардап шеккен азаматты қар астынан тез арада тауып, шығарып алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін тексеру үшін тау шаңғысы курортының медициналық пунктіне жеткізілді.

Зардап шеккен адамның жағдайы нақтыланып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары