Malim.kz
Қоғам

Алматы тауларында шетелдік турист құтқарылды

Арман Қайыпхан

Алматы тауларында «Пионер» шыңынан түсу кезінде Израильдің 1990 жылы туған азаматы аяғынан жарақат алып, қозғала алмай қалды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Оқиға орнына «Тұйық-Су» құтқарушылары жіберіліп, зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді және тау бөктеріне дейін жеткізілді. Дәрігерлер оған өкше сүйегінің жабық сынығы диагнозын қойып, қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.
Фото: ТЖМ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары