Алматының Медеу ауданындағы таулы жерде мотоциклмен серуендеген турист жарақат алды. Оқиға теңіз деңгейінен 2860 метр биіктіктегі «Үш ағайынды» шыңында болған, деп хабарлайды Malim.kz.
38 жастағы ер адам тау соқпағымен қозғалып келе жатып, мотоциклден құлап, сол қолын жарақаттаған. Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары оның орналасқан жерін геолокация арқылы анықтап, зардап шегушімен байланыста болды.
Оқиға орнына жеткен мамандар туристке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зақымданған қолына таңғыш салды. Кейін оны «Алма-Арасан» экобекетіне дейін түсірді.
Сол жерде турист жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол «сол қолының сынуы» диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілді.