Malim.kz
Қоғам

Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім аман табылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

ТЖМ мәліметінше, 2003 және 2004 жылы туған екі жас жігіт 27 маусым күні таңертең Үлкен Алматы шыңына көтерілген, деп хабарлайды Malim.kz.

Олар сол күні кешке қайтуы тиіс болғанымен, белгіленген уақытта байланысқа шықпаған. Ұялы телефондары желі аймағынан тыс болған. Соңғы геолокация шамамен сағат 17:00-де шыңның солтүстік бөлігінде тіркелген.

Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ құтқарушылары жедел түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде туристер табылып, таудан төмен түсірілді.

@baq_kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары