Malim.kz
Экология

Алматы және Талдықорған тұрғындарына маңызды ескерту жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: © istockphoto.com

14 маусымда Алматы және Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазгидромет мәліметінше, ауа райының бұл факторы шаһар тұрғындарының денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.

Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

1.Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.

2.Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.

3.Таза ауада спортпен шұғылдануды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары