Бостандық ауданында тұратын 102 жастағы Анна Лукавская Құрылтай сайлауына қатысып, таңдауын жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ғасыр жасаған кейуана жасына қарамастан, сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауыс беру құқығын пайдаланды. Ол 1924 жылғы 14 мамырда дүниеге келген.
Анна Лукавскаяның сайлауға келуі – маңызды науқанға әр буын өкілдерінің қатысып жатқанын көрсетеді.
Сайлау учаскелеріне алғаш рет дауыс беріп жатқан жастармен қатар, қаланың жасы үлкен тұрғындары таңдау жасап жатыр.
Алматыда дауыс беру жалғасуда. Қала тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, белсенді түрде дауыс беріп жатыр.