Malim.kz
Қоғам

Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамалды

Арман Қайыпхан
Фото: ашық дереккөз

Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Мәжілісте өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған. Құқық қорғау органдары қажетті сараптамалар тағайындап, барлық мән-жайды анықтап жатыр.

Министр орынбасарының сөзінше, күдікті қамауға алынған, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда.

Бұған дейін, 22 ақпанда адвокат Ләззат Рақышева аталған ауыр қылмыстың 2025 жылғы 1 қыркүйекте болғанын хабарлаған.

Оның айтуынша, зорлықтың құрбаны 13 жастағы жасөспірім қыз. Ресми түрде расталмаған ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтың ВИЧ статусы оң болуы мүмкін екені де айтылған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары