Malim.kz
Қоғам

Алматыда 14 мамырдан бастап дабыл жүйесі жұмыс істейді

Сабина Асқарқызы
Алматы әкімдігі

Алматыда 14 мамыр сағат 11:00-де жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтетін болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақпараттың жазуынша, қалада дабыл жүйелері іске қосылып, мобильді қосымша арқылы хабарлама жіберілетін болады. 

«Баршаңыздың назарыңызға!» дабылын естіген жағдайда теледидар немесе радионы қосып, мобильді қосымша мен ресми интернет-ресурстардағы ақпаратпен танысу қажет. Тұрғындарға алдын ала дабыл сөмкесін дайындап, ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен алыс орналасқан ашық қауіпсіз алаңға баратын бағытты анықтап алу ұсынылады, - деп жазылған хабарламада.

Алматыда халықты қабылдауға арналған 384 пункт ұйымдастырылмақ. Аталған ақпаратты 2GIS сервисіндегі «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» сұранысы арқылы, сондай-ақ Алматы төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігінің ресми сайттарынан оқуға болады.

Айта кететін жайт, бұған дейін Талғарда төтенше жағдайға қарсы заманауи дабыл жүйесі қосылған болатын. 



https://kaz.inform.kz/news/almatida-14-mamirda-dabil-zhuyes-ske-kosiladi-aea254ce

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары