Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 7 маусымда Астана уақытымен 08:33-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.
«Сезілгені туралы мәлімет - Алматы қаласы бойынша 2 балл. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Фото: freepik.com