Malim.kz
Экономика

Алматыда 3,6 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді

Ереке Базарқұл
© Алматы қаласы әкімдігі / Спорт басқармасы

Алматы қаласында бүгінде 3,6 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді. Бұл туралы malim.kz тілшісіне қалалық Спорт басқармасы хабарлады.

2024–2025 жылдары қалада 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, жеке инвестиция есебінен тағы 2 спорт кешені салынды. Алатау ауданының Нұркент шағынауданында инвесторлар қаржыландырған жаңа теннис орталығы ашылды. Сонымен қатар ұлттық спортты дамыту мақсатында «Тұлпар» кешені қайтадан коммуналдық меншікке өтті. Райымбек даңғылында ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған спорт орталығының құрылысы басталды.

2027 жылдың соңына дейін Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарында жалпы ауданы 71 мың шаршы метр болатын 6 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, үш спорт мектебін жаңғырту көзделген:

Қалада бірқатар ірі жобалар да іске асуда. Соның ішінде - FIFA және UEFA талаптарына сай 15 гектар аумақта 40 мың орындық жаңа футбол стадионының құрылысы, сондай-ақ 2 гектар жерде төбесінің биіктігі 17 метр болатын көркем гимнастика орталығын салу көзделген. Бұл нысандар халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Орталық стадионға жеңіл атлетика жолақтарын сақтай отырып жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.

«Медеу» мұз айдынында да ауқымды реконструкция басталды. Жобада тарихи келбетті сақтау, инженерлік желілерді жаңарту және спортшылар мен қонақтарға арналған жағдайды жақсарту қарастырылған.

Бұған қоса, жыл соңына дейін Алматыда 20-дан астам жаңа мұз айдыны ашылады.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары