Malim.kz
Қоғам

Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігімен қаққан жүргізуші сотталды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жастағы қызды қағып кеткен жүк көлігі жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға биыл 2 сәуірде Алатау ауданында орын алды. Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай көшесімен келе жатып Новая көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 7 жасар қызды анасының көзінше басып кетті.

Айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары