Malim.kz
Қоғам

Алматыда әйел аттракционнан құлап, қайтыс болды (ВИДЕО)

Арман Қайыпхан

Алматыдағы Горький саябағында әйел адам айналмалы дөңгелектен құлап, мерт болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы almatynews_kaz телеграмм-арнасы жазды.

Видеоны жолдаған адамның ақпараты бойынша, оқиға шамамен 16:00-де болған.

Белгілі болғаны, әйел адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қалалық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Фото:2gis.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары