Malim.kz
Қоғам

Алматыда Амантай қажы ұсталды

• Арман Қайыпхан

Әлеуметтік желіде егде жастағы ер адамның әйелді баспалдақтан итеріп жіберген сәті бейнеленген видео тарады. Осыдан кейін қоғам белсендісі Амантай қажының ұсталғаны хабарланды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Аталған факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу және процестік шаралар жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әйел адамның жамбас сүйегі сынған.

Фото: әлеуметтік желі

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары