Malim.kz
Қоғам

Алматыда дауыл салдарынан Шымбұлақта алып ағаш құлады

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

21 ақпанда Шымбұлақ маңында болған күшті дауыл салдарынан алып ағаш құлап, серпантин жолындағы көлік қозғалысына кедергі келтірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қатты желден арқанжолдар тербеліп, оқиға куәгерлері түсірген бейнелер әлеуметтік желілерде тарады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жолдың құтқару қызметі мен ұлттық парк қызметкерлері тарапынан тазартылғанын хабарлады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары