Malim.kz
Қоғам

Алматыда екі қабатты қойма өртенді

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласы Жетісу ауданындағы жеке тұрған екі қабатты қойма үй-жайында өртті сөндіру бойынша жоғары дәрежеде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнында жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізіліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнында. Жағдай бақылауда.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары