Malim.kz
Қоғам

Алматыда ер адам тұрғын үйге басып кіріп, екі адамды атып кетті

• Арман Қайыпхан

Қарулы адам Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешеніне кіріп, екі адамды атқан, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сілтеме жасап.

Белгісіз адам қымбат үйдегі пәтердің бірін тонауға тырысқан.

– Бұл факт бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Осы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті қашып кеткен, полиция оны іздестіріп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары